
Мектепке құжат өткізген 273 мың оқушының 70%-ы қазақ тілінде оқуды таңдаған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2025 жылғы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 273 643 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған», – делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, қазақ тілін таңдайтындар саны жыл сайын арта түскенін байқауға болады. Мәселен, 2023 жылдың күзінде Алматы қаласының мектептеріне 1-сыныпқа қабылданған 30 мың оқушының 53%-ы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.