Жаңалықтар

Қорғаныс саласында ауыс-түйіс: Тоқаев екі лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

ауыс-түйіс
Тоқаев ҰҚК-ге біріктірілген Антикор басшысын тағайындады

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері мен Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі лауазымды тұлғаны қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент өкімімен Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылса, Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылған.

Қоңыровтың орнына Тоқаев Асқар Ғадылшаұлы Ізбасовты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады.

Айта кетейік, маусым айының аяғында экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты президент жаңа қызметке тағайындаған болатын.