Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев хорват халқына құт-береке тіледі / фото: Ақорда
Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізді / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Қол қойылған құжат 2017 жылдан бастап қолданыстағы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды көздейді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, жекелеген нормалар өзектендіріледі, қайталанатын немесе ескірген ережелерді алып тасталынады,
нақты бағытталған салықтық шаралар қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыз