Үкімет активін қайтарған бизнесмендердің есімін неге атамайды?

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Мошенники в Костанае выдают сувенирные деньги за настоящие
Фото: ашық дереккөз

Назарбаевтар әулетінен бөлек өзге бизнесмендердің де активі қайтарылып жатыр. Бірақ премьер-министр Олжас Бектенов ол тұлғалардың атын жариялаудан бас тартты.

«Мен премьер-министр ретінде басқаратын қайтарылған активтер бойынша комиссия заң субьектілерімен яғни активін қайтарып жатқан тұлғалармен 900 млрд теңгеге келісім жасады. Заң бойынша нақты бір фамилиялар жарияланбайды және оны дұрыс деп есептеймін. Кез келген бизнесменді мұндай контексте атау ол басқарған немесе басқарып отырған компанияларға теріс әсерін тигізеді. Ал бізде көпшілігі жария компаниялар, көптеген шетелдік серіктестері де бар. Меніңше, оның оң ықпалы болмайды, керісінше отандық бизнеске теріс әсері болуы мүмкін. Отандық бизнес – ұлттық буржуазиямыз «, – деді Олжас Бектенов үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен жиында.

Журналистер Назарбаевтар әулетінің активтері толық қашан қайтарылатынын сұраған еді. Бектенов әулет өкілдерінен қаражат қайтарып жатқанын, «жүйелі жұмыс жүргізілгенін» айтты.

«Барлығы заң негізінде жүзеге асуы керек. 900 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл да аз ақша емес. Біз ақырындап осындай нәтижеге қол жеткіздік. Мұның барлығы бір күнде істелген жоқ. Жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр. Егер кімде-кім заңды бұзса жауапқа тартылады», – деді ол.

Бектенов дерегінше, 900 млрд теңге қайтарылса, оның 733 млрд-ы Қайрат Сатыбалдыға тиесілі. Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҰҚҚ-ның бұрынғы генералы Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген активтің:

46 пайызы – отандық және шетелдік есепшотта жатқан қаржы;

27 пайызы – қазақстандық активтер;

14 пайызы – эксклюзив қымбат әшекейлер;

13 пайызы – «Қазақтелеком» компаниясы акцияларының үлесі.

Дәл осылай Назарбаевтың құдасы, кәсіпкер Боранбаевтың да активтері тәркіленді. Қайтарылған дәулеттің арасында қымбат, бағалы әшекейлер жетерлік. Оларды мемлекет аукционға шығарады.

Ал басым бөлігі су құбырларын жаңарту, мектеп салу тәрізді әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жұмсалады.

Сондай-ақ оқыңыз