Валюта бағамы: доллар 529 теңгеден сатылса, биткоин кері шегінді

Жарияланды 15 Шілде 2025 16:20

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Ұлттық валюта құнсызданып, Биткоин раллиі аяғына жетті / фото: shutterstock
Ұлттық валюта құнсызданып, биткоин раллиі аяғына жетті / фото: shutterstock

Сәрсенбі, 16 шілдеге арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, қазір 1 АҚШ доллары 525,87 теңге тұрады. Ақша айырбастау пункттерінде доллар 529 теңгеден сатылып жатыр. Ұлттық валюта бір тәулікте 1,63 теңгеге құнсызданса, биткоин бірнеше күнге созылған тарихи раллиін аяқтап, кері шегінді.

Ұлттық валюта әлсіреді

Теңге бес күннен бері құнсызданып жатыр. 9 шілдеде доллардың аздап әлсіреуі аяқталып, қайтадан күш жинай бастаған. Өткен аптаның аяғынан бері ұлттық валюта 7 теңгеге құнсызданды. Сейсенбі, 15 шілдеде тағы 1,63 теңгеге нығайып, 525,87 теңгеге жетті. Шамамен бір ай бұрын Құрама Штаттар валютасы 508 теңгеден саудаланған. Содан бері доллар шамамен 18 теңгеге күшейді.

Kurs.kz сайтының мәліметіншеАлматы қаласындағы ақша айырбастау мекемелерінде бір доллар 526 теңгеден қабылданып, 527 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 523 және 529 теңге.

Биткоин раллиі аяқталды

Bitcoin (BTC) криптовалютасының тарихи раллиі аяғына жетті. 123 мың доллар биіктікті бағындырған монета қайтадан арзандап жатыр. Қазір BTC шамамен 117 мың доллардан саудаланып жатыр. Крипто бірден 3,63%-ға арзандады.

Биткоин капиталы да түсіп қалды – 2 трлн 227 млрд доллар. Оның нарықтағы құны бір тәулікте шамамен 100 млрд долларға кеміді.

BTC ғана емес, басқа да криптовалюта түрлері арзады. Мәселен, Ethereum (ETH) бағамы шамамен 2,45%-ға құлдырап, тарихи межесінен түсіп қалды. Қазір ETH шамамен 2 976 доллар тұрған. Эфириум капиталы – 359 млрд доллардан асты. Капитал бір тәулікте шамамен 10 млрд долларға азайды.

Binance Coin (BNB) токені де бір тәулікте 3,50%-ға құнсызданып. Ол қазір шамамен 679 доллар тұрады. BNB-дің нарықтағы құны – шамамен 94,6 млрд доллар.

Сондай-ақ оқыңыз