Назарбаев зияткерлік мектебі ата-аналары Перизат Қайратқа 900 мың теңге аударған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
НИШ, Перизат Кайрат
НЗМ ата-аналары Перизат Қайратқа ақша аударған/фото: shutterstock

Астанада Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 16 шілдедегі сот отырысына елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналар комитетінің төрайымы Сәуле Қуандықова қатысты.

Қуандықованың сөзінше, 2024 жылы Астанадағы физика-математика бағытындағы НЗМ ата-аналары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ақша жинаған.

«НЗМ ата-аналары маған сенім білдірді, ал бұл қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмағанын ескерсек, өзімді жәбірленуші деп тануды және бұл соманы өндіріп беруді міндетті деп санаймын. 2024 жылдың 15 сәуірінде біз 901 855 теңге көлеміндегі соманы «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына аудардық. Өйткені бұл қор қоғамда кеңінен танылды, Instagram-да жарнамасы көп болды», – дейді Сәуле Қуандықова.

Айтуынша, ата-аналар бұл қаражатты бірнеше күн ішінде жинаған.

«Назарбаев зияткерлік мектебі мұғалімнің бірі қатты ауырып қалды. Бұл қаражат қазақстандықтарға көмек ретінде жіберілмегендіктен, оны мектеп қорына қайтарсақ дейміз. Әрі қарай сырқат мұғалімге көмек ретінде жібереміз деп шештік. Бұл шешімді ата-аналар комитетінің мүшелері бірлесіп қабылдады», – дейді ол.

Сондай-ақ 16 шілдедегі сот отырысына темірбетон және бетон конструкцияларын өндірумен айналысатын «Стройконструкция» компаниясының өкілі қатысты. Компания өкілі қорға аударылған 200 млн теңгені өндіріп беруді сұраған.

Сондай-ақ оқыңыз