Құрылыс компаниясы Перизат Қайрат басқарған қорды мемлекеттік деп ойлаған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Кайрат, адвокат
Перизат Қайрат соты жалғасып жатыр/ фото: shutterstock

Перизат Қайрат сотына The Akan Building компаниясының өкілі Жұлдыз Амангелдинова қатысты. Ол су тасқынынан кейін компанияның маркетинг бөлімі жағдайды саралап, қайырымдылық көмек көрсету үшін «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорын таңдағанын айтты. Осылайша компания 689 983 теңгені қор шотына аударған.

«Біз бұл қорды мемлекеттік деп ойладық, себебі ол әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамаланды», – деп түсіндірді Амангелдинова.

Алайда прокурор бұл қордың мемлекеттік емес екенін нақтылады. Бұған компания өкілі «біз білмедік» деп жауап берді.

Прокурор неге мұндай сома аударғанына «компанияның бос қаражаты» деп жауап берді.

Сонымен қатар ол компания бұл қаражаттың әрі қарай қалай жұмсалғаны туралы еш қызығушылық танытпағанын айтты. Яғни, компания қорға толық сенім артқан. Қазір компания бұл соманы толық көлемде қайтаруды сұрап отыр.

Зейнеткер 1 млн теңге аударған

Зейнеткер Әмина Аймағанбетова сотқа 1 миллион теңгені қайтарып беруді талап етіп жүгінді. Ол бұл соманы су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында аударған. Айтуынша, ол «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына сеніп, қаржының шынымен мұқтаж жандарға жететініне үміт артқан.

Әмина Аймағанбетова қаражатты банк қосымшасы арқылы аударған.

«Қор жетекшісі Перизат Қайрат туралы оны ұстағаннан кейін ғана білдім. Енді осы қаражатты қайтарып беруді сұраймын. Зейнеткер үшін бұл аз ақша емес», – деді Аймағанбетова сотта.

Перизат Қайрат ісі

14 шілдеде Астана сотында Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша айыптау актісі оқылды. Алайда ол өзіне тағылған айыпты мойындамай, айыптау актісін тергеушілердің қиялынан туған деп атады.

Басты сот талқылауы барысында Перизат Қайрат әуелі қор құрылтайшыларынан жауап алуды сұрап, сол сәтте «Нұр Отан» (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атын атады.

15 шілдеде іс бойынша куәлерден жауап алынып жатыр. Оның ішінде Asar-Ume» қоғамдық бірлестігінің президенті Асхат Нұрмашев Қайрат басқарған қорға не себепті 200 млн теңге аударғанын айтты.

Одан бөлек «Стройконструкция» компаниясы қорға 200 млн теңге аударған. Jusan Bank елімізде су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек ретінде 300 миллион теңгені Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына аударған

Сондай-ақ оқыңыз