Әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам 11 жылға сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам 11 жылға сотталды
Әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам 11 жылға сотталды/Фото: Видео кадры

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовқа қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады Tengrinews.kz сайты.

Сот Машрапбек Баратовты жалпы жиыны 11 жылға соттаған. Әуежайдағы оқиғаға қатысты бұзақылық, кепілге алу, терроризм туралы көрінеу жалған ақпарат тарату баптарымен айыпталып, 10 жыл 6 ай мерзіміне кесілген. Сондай-ақ оған 2023 жылғы іс бойынша өтелмеген бостандығын шектеу жазасы қосылған.

Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді.

Айыпталушының кінәсін мойындауы – жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынған.

Бұған дейін, прокурор айыпталушыны 10,5 жылға соттауды сұраған.

Әуежай ішіндегі оқиға

Машрапбек Баратов 2025 жылдың 7 наурызында Алматы әуежайында өзінен құжат сұраған кезде қауіпсіздік қызметінің скрининг қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан.

Оқиғаның кездейсоқ куәгері Мұса Әбдірайым есімді азамат Машрапбековтың қаруын тартып алған. Артынша президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыз