Кей өңірде бұршақ жауып, күн күрт салқындайды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Кей өңірде бұршақ жауып, күн күрт салқындайды
Кей өңірде бұршақ жауып, күн күрт салқындайды/Фото: shutterstock

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер ауа райы ел аумағында өте құбылмалы болатынын айтады.

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр болуы мүмкін.

17 шілде – батыста, 18 шілде– солтүстік-батыста, 18-19 шілде – солтүстікте, 19 шілде – республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болады деп болжанады. Cолтүстік өңірлерде түнде температура 8–18°С дейін, күндіз 17–25°С дейін төмендейді.

Ал батыс пен оңтүстік-батыста қатты ыстық болады. Ауа температурасы 41–44°С дейін, оңтүстік-шығысында 42–43°С дейін жетеді. 17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде республиканың орталығында 40°С дейінгі ыстық болжанады. 18–19 шілдеде елдің оңтүстігінде 45-46°С дейін аптап күтіледі.

Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрлігі жазда ыстықтан сақтану жолдары туралы ақпараттық жаднама жариялаған. Мамандардың сөзінше, ыстықтың өтуі күн өтуімен бірдей емес.

Сондай-ақ оқыңыз