Қазақстанда құрастырылған Changan көліктері Ресейде сатылады

Changan брендінің Ресейдегі кеңсесі Қазақстанда құрастырылған көліктерді жеткізуді бастайды. Бұл туралы компанияға сілтеп екі бірдей дереккөз – Auto.ru порталы мен «Қытай автокөліктері» телеграм арнасы жазды.
«Модельдер кең ауқымды болады, нақты қай модельдер екені әзірге белгісіз», – деген Changan өкілі.
Десе де, Ресейге жеткізілетін алғашқы модель – CS75 Plus кроссовері болады деп күтіліп отыр. Көлік тамыз айында дилерлердің қоймаларына жеткізілетіні хабарланды.
Телеграм арна әзірге «Астана Моторс» компаниясының мультибрендті зауытында құрастыру жоспарланған 12 модельдің 8-і белгілі екенін жазды. Бекітілген тізімде әзірге жалғыз Changan бар – ол CS55 Plus / Uni-S кроссовері.
Бұған дейін, зауытт Haval M6 кроссовері құрастырылатыны хабарланған.