Студенттерді әскерге шақыруды кейінге шегеру тәртібі өзгереді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Студенттерді әскерге шақыруды кейінге шегеру тәртібі өзгереді
Студенттерді әскерге шақыруды кейінге шегеру тәртібі өзгереді/Фото: shutterstock

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заң арқылы Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Білім туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдарға және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Өзгеріске сай, енді қандай да бір оқу орнында оқып жатқан жастар білім алуына байланысты әскерге шақыруды бір рет қана кейінге шегере алады. Бұл университет студенті сабағына байланысты 4 жылда бір рет қана әскерден босатылады деген сөз. Келесі шақыру келген кезде мұндай мүмкіндікті пайдалана алмайды.

Сондай-ақ өзгерістер әскери есепке алуды автоматтандыруды көздейді. Ол бойынша шақыру туралы хабарлама әскерге шақырылушыларға SMS және eGov арқылы жіберіледі.

Бұған дейін, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқуға қабылдау мен әскерге шақыру уақытын сәйкестендіру керектігін айтқан.

Оның алдында жастар қандай жағдайда әскерден босатылатыны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз