Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады
Жарияланды

Президент Қ.Тоқаев Барселонада өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұны елдің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалаған.
– Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент.
Бұған дейін, әлем чемпионатында күміс жеңіп алған шахматшылар министрден ақшалай сыйлық түрінде марапат алғанын жазғанбыз.