Ағылшын компаниясының бағалы қағаздары қазақстандық биржада саудалана бастады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Eurasia Mining акциялары AIX-те саудала бастады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Eurasia Mining PLC компаниясының акциялары Астана халықаралық қаржы орталығы биржасының (AIX) ресми тізіміне енгізіліп, кросс-листинг шеңберінде сауда-саттыққа ұсынылды.

1995 жылы құрылған және Лондонда орналасқан Eurasia Mining бағалы және түсті металдар, соның ішінде платина мен алтынды барлауға және өндіруге маманданған. Компанияның негізгі жобалары Ресейдің Урал өңіріндегі Батыс Кытлым аймағында және Кольский түбегінде орналасқан.

Eurasia Mining 1996 жылдан бері Лондон қор биржасында саудаланып келеді. Қазіргі уақытта компанияның нарықтық құны шамамен 140 млн фунт стерлингті құрайды. Акциялардың 80%-дан астамы еркін айналымда.

AIX басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова Eurasia Mining компаниясының AIX-дегі листингі өңірлік инвесторлар базасын кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл оқиға AIX биржасының өсуге бағытталған халықаралық компаниялар үшін тартымдылығын көрсетеді.

Бұл биржада 2025 жылдың басынан 86 жаңа қаржы құралы листингке шығарылған.

Жалпы алғанда, жарты жыл ішінде AIX арқылы 1,9 млрд доллар көлемінде капитал тартылды. Сауда айналымы 729 млн долларды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз