Алматыдан 379 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Каспий теңізінде жер сілкінісі
Жер сілкінісі болды / Фото: shutterstock

2025 жылғы 16 шілде күні Астана уақытымен 06:27-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Сейсмикалық ақпараттар орталығы хабарлады.

«Жер сілкінісінің эпицентрі 42.46° солтүстік ендік пен 72.44° шығыс бойлықта орналасқан. Магнитудасы – 4.6, энергетикалық класы – K=9.9», – делінген ресми ақпаратта.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 379 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің салдары мен зардаптары туралы қосымша мәліметтер әзірге хабарланған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз