Назарбаевтың келіні Аида Әлиева туған күнін Мәскеуде атап өтті

Жарияланды 16 Шілде 2025 11:11

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Аида Алиева
Фото: Фото: instagram.com/aida_aliyeva_, бильд-редактор: Артур Алескеров

Аида Әлиева 41 жасқа толуына орай ұйымдастырылған туған күн кешінің сәттерін әлеуметтік желіде бөлісті. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні туған күнін Мәскеудің оңтүстік-батысындағы тарихи Переделкино ауылында атап өткен.

Ресейлік блогер Полина Киценконың айтуынша, Аида Әлиева үшін кеш ұйымдастыруға бар болғаны үш күн ғана берілген.

«Біз совет жазушылары тұратын дача стиліндегі Переделкино ауылында бас қостық. Ескі әндер айтылып, гүлден шеңбер өріп, орман ішінде серуендедік. Қонақтарға құлпынайдан дайындалған шырын, көкөніс толтырылған себеттер, краб қосылған эклер сынды тағамдар ұсынылды», – деп жазды Киценко.

Бұл кешке Аида Әлиеваның ескі құрбысы – ресейлік әнші Алсу да қатысқан. Айта кетейік, Аида – бұрынғы Әділет министрі әрі Орталық сайлау комиссиясының экс-төрағасы Берік Имашевтің қызы. 2003 жылдан бері Дариға Назарбаеваның ұлы, кәсіпкер Нұрали Әлиевпен отбасын құрған. Нұрали бір кездері «елдегі ең жас миллионер» атанған.

Сондай-ақ оқыңыз