Қысқы олимпиада мен паралимпиада ойындарының медальдары таныстырылды

Милан-Кортина–2026 ұйымдастыру комитеті алдағы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының медальдарын ресми түрде таныстырды. Презентация Италияның Венето аймағындағы тарихи Венеция қаласында өтті.
Жаңа медаль дизайны ерекше мағынаға ие — әрбір жүлде екі жарты бөліктен тұрады. Бұл спортшының жеке жолы мен сол жолда бірге болған, қолдау білдірген адамдарға деген құрметті білдіреді. Олимпиада мен Паралимпиада құндылықтары дәл осы бірлік арқылы көрініс табады.
Медаль дизайны тек эстетикаға ғана емес, эмоция мен командалық рухқа негізделген.
Марапаттар қайта өңделген металдан жасалады. Оларды Италияның Мемлекеттік монета сарайы мен баспа институты (IPZS) әзірлейді. Құю процесі жаңартылатын энергия көздерінен қуат алатын индукциялық пештерде жүзеге асады, ал орау материалдары экологиялық таза, FSC сертификатталған шикізаттан дайындалып, пластик мейлінше аз пайдаланылады.
Милан-Кортина–2026 қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында өтеді. Жарыс барысында барлығы 245 медаль жиынтығы сарапқа салынады.