Жамбыл облысында шекарадан 466 мың қорап темекі тәркіленді
Жарияланды

Жамбыл облысында заңсыз жолмен елімізге темекі өнімдерін кіргізбек болған әрекет әшкереленді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.
2025 жылғы 11 шілдеде Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль өткізу бекетінде шекарашылар ірі көлемдегі контрабанданы тоқтатты. Құжатсыз, жасырын тасымалданған жүктен 466 мың қорап темекі табылған.
Темeкі өнімдері басқа тауарлардың арасына жасырылған. Осылайша бақылаудан өткізбеу көзделген.
Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген өнімнің нарықтық құны 233 млн теңгеден асады.
Қазіргі таңда тәркіленген тауар тиісті уәкілетті органға өткізіліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда темекі тағы 12%-ға қымбаттайтыны туралы жазған едік.