Wizz Air Абу-Даби бағытына билет алғандарға ақшасын қайтарып береді
Жарияланды

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Wizz Air әуе компаниясы Абу-Дабиге және одан ұшатын барлық рейсін тоқтататынын хабарлады. Осыған байланысты аталған бағытқа билет сатып алған жолаушыларға билет құнын қайтару немесе балама бағыттарды ұсынады.
Компанияның мәлімдеуінше, жақын арада барлық жолаушыға электрондық пошта арқылы билет қайтару немесе басқа рейсті таңдау тәртібі туралы нұсқаулық жіберіледі.
Егер билет турагенттік немесе үшінші тарап платформасы арқылы сатып алынған болса, жолаушылар өз агентіне тікелей жүгінуі қажет.
Авиакомпания рейстердің тоқтатылуына Таяу Шығыстағы күрделі ахуал, ыстық климат жағдайында ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудің қиындығы себеп болғанын атап өтті.