Алдағы күндері Қазақстанның 6 қаласында ауаның ластану деңгейі артады
Жарияланды

Алдағы күндері Қазақстанның 6 қаласының ауасы қатты ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Метеорлогиялық болжамға сәйкес, 16-17 шілде аралығында елдің алты өңірінің атмосферасы бұзылып, онда РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, күкіртті сутегі, аммиак сынды ластаушы заттардың мөлшері шамадан артық болуы мүмкін.
Атап айтқанда, мынадай 6 қаланың ауасында ластаушы заттардың мөлшері артады деп күтіледі:
- Астана
- Ақтөбе
- Өскемен
- Қарағанды
- Теміртау
- Шымкент
«Бұл күндері аталмыш қалаларда метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қалалар бойынша ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі», – делінген метеорологиялық болжамда.