Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыдағы Серкебаев көшесі жабылады
Жарияланды

Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыдағы Серкебаев көшесінің бірқатар учаскелері жабылады. Бұл туралы AlmatyJoly Telegram арнасы хабарлады.
Шектеулер Серкебаев даңғылы бойындағы бірнеше учаскеде енгізіледі. Атап айтқанда, алдағы 3 күнде күнде мына учаскелерде көлік қозғалысы шектеледі:
- 17 шілде сағат 8:00-ден 18 шілде сағат 6:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан Ходжанов көшесіне дейінгі учаскеде;
- 18 шілде сағат 8:00-ден 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Ходжанов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі учаскеде;
- 19 шілде сағат 08:00-ден 20 шілде сағат 06:00-ге дейін Өтепов көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады.
Бұл учаскелерде жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сол себепті жүргізушілер мен тұрғындарға өз маршруттарын алдын-ала жоспарлау ұсынылған.
«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған тақталар қойылады», – деп хабарлайды телеграм арнасы.
Айта кетйік, сонымен бірге Клочков және Байтұрсынов көшелері де бірнеше күнге жабылады.