Жаңалықтар

Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыдағы Серкебаев көшесі жабылады

Серкебаев көшесі
Серкебаев көшесі жабылады / Фото: kursiv.media архив

Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыдағы Серкебаев көшесінің бірқатар учаскелері жабылады. Бұл туралы AlmatyJoly Telegram арнасы хабарлады.

Шектеулер Серкебаев даңғылы бойындағы бірнеше учаскеде енгізіледі. Атап айтқанда, алдағы 3 күнде күнде мына учаскелерде көлік қозғалысы шектеледі:

  • 17 шілде сағат 8:00-ден 18 шілде сағат 6:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан Ходжанов көшесіне дейінгі учаскеде;
  • 18 шілде сағат 8:00-ден 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Ходжанов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі учаскеде;
  • 19 шілде сағат 08:00-ден 20 шілде сағат 06:00-ге дейін Өтепов көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады.

Бұл учаскелерде жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сол себепті жүргізушілер мен тұрғындарға өз маршруттарын алдын-ала жоспарлау ұсынылған.

«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған тақталар қойылады», – деп хабарлайды телеграм арнасы.

Айта кетйік, сонымен бірге Клочков және Байтұрсынов көшелері де бірнеше күнге жабылады.