Дропперлік жасағандар үш жылға сотталады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Енді Қазақстанда дропперлік жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қажетті заңға қол қойды.

Заңда, атап айтқанда, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік бекітіледі. Ол үшін Қылмыстық кодекстегі «Банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оларды беру не сатып алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жасау» туралы бапқа өзгеріс енгізілді.

Ұсынылып отырған өзгерістер бойынша:

  • Өз банктік шотына заңсыз өзге тұлғаға берсе, 3 жылға дейін
  • Банктік шот арқылы басқа адамға заңсыз ақша аударса, 5 жылға дейін
  • Дропперлер яғни басқалардың банктік шотын басқару құқығын заңсыз иеленгендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар, бапта ерекше ескерту бар. Егер адам бұл құқықбұзушылықты бірінші рет жасап, өз еркімен мойындаса және құқықбұзушылықты әшкерелеуге немесе тоқтатуға белсенді көмектессе, сондай-ақ оның әрекетінде басқа қылмыстық құрам болмаса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Бұған дейін Қазақстан заңнамасында дропперлер тек куәгер ретінде іске тартылатын еді. Көктемде мәжіліс оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынған.

Дроппер – банк картасы немесе шоттарды заңсыз мақсатта қолдануға беретін тұлғалар. Мәселен, есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындары және басқа да қылмыспен айналысушылар ізін жасыру үшін өзге бір адамның картасына не шотына ақша аударады. Ол адамдарды дроптар деп атайды.Картасын пайдалануға бергені үшін дропқа белгілі бір сомада сыйақы береді.

Сондай-ақ оқыңыз