Алматының орталық ауданында газ құбыры жарылды

Жарияланды
Шығарушы редактор, шеф-редактордың орынбасары
Business News бөлімінің тілшісі
Газ құбыры жарылған уақытта бір автокөлік аударылып қалған / куәгерлер түсірген видеодан скриншот
Газ құбыры жарылған уақытта бір автокөлік аударылып қалған / куәгерлер түсірген видеодан скриншот

Сәрсенбі, 16 шілдеде сағат 11-45 шамасында Алматы қаласында Бұқар жырау және Байзақов көшелерінің қиылысында газ құбыры жарылды. Бұл туралы оқиға куәгерлері Kursiv.Media-ға хабарлады.

Редакция Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне сауал жолдады.

QazaqGaz Aimaq кәсіпорынындағылардың айтуынша, қысымы орташа жерасты газ құбырын қысымға қаншалықты шыдайтынын тексеру барысында құбырдан ауа атылып шыққан. Бұл құбырды қайта төсеу жұмыстарымен «СантехКомплектГрупп» ЖШС мердігер ұйымы айналысқан.

«Осы оқиғаның салдарынан жолға, ағаштар мен автокөлікке зақым келді. Қаланың құтқару бөліміндегі шұғыл топтардың бәрі оқиға орнына жиналды. Қазір осы жерді тексеру, себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Аумақ қоршалған. Тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ. Ешкім зардап шекпеді», — деп хабарлады кәсіпорын.

Оқиға куәгерлерінің Kursiv.Media-ға жолдаған видеодан ағаштар мен электр бағандары зақынданғанын көруге болады. Бұған қоса, ақ түсті Toyota автокөлігі жарылыстан аударылып қалған. Оның алдыңғы терезесі сынған.

«Керуенге» қарама-қарсы орналасқан ауданда жақында ғана тартылған газ құбыры жарылды. Көлік аударылып қалды», – дейді куәгерлердің бірі тағы бір видеода.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, Toyota автокөлігінде отырған адамдарды жедел жәрдем алып кетті.

2025 жылғы шілде айының басында Алматыда газ жарылып, бір адам қаза тапқан. Сол кезде мегаполистің Алатау ауданындағы Шапағат шағын ауданында орналасқан жекеменшік үй жарылған. Құтқарушылар 1949 жылы туған ер азаматтың мәйітін үйінді астынан алып шыққан.

Бір апта бұрын Алматының қақ ортасында газбен жүретін бір автокөлік өртенген.

Ал мамыр айының аяғында Алматы облысындағы астық қоймасында жарылыс болып, бір адам көз жұмған.

Сондай-ақ оқыңыз