Алматыда газ құбыры жарылған соң, екі адам дәрігер көмегіне жүгінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
В Алматы после взрыва газопровода два человека обратились в больницу
Алматының орталық аудандарының бірінде газ құбыры жарылды / фото: t.me/kris_p_almaty_kz

Cәрсенбі, 16 шілдеде түсте Алматы қаласында Бұқар жырау және Байзақов көшелерінің қиылысында газ құбыры жарылып, екі адам зардап шекті. Оқыс оқиға туралы Kursiv.Media-ға куәгерлер хабарлады.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем екі адамды ауруханаға жеткізген.

«Дәрігерлер науқастарды мұқият тексерген соң, оларға денесі сырылған деген диагноз қойылды. Науқастардың жағдайы тұрақты. Оларды ауруханаға жатқызу қажет емес. Олар амбулаториялық ем қабылдайды», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Осының алдында QazaqGaz Aimaq кәсіпорыны қысымы орташа жерасты газ құбырын қысымға қаншалықты шыдайтынын тексеру барысында құбырдан ауа атылып шыққанын хабарлаған.

Оқиға куәгерлерінің Kursiv.Media-ға жолдаған видеодан ағаштар мен электр бағандары зақынданғанын көруге болады. Бұған қоса, ақ түсті Toyota автокөлігі жарылыстан аударылып қалған. Оның алдыңғы терезесі сынған.

Қазір осы жерді тексеру, апат себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Аумақ қоршалған. Тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ.

2025 жылғы шілде айының басында Алматыда газ жарылып, бір адам қаза тапқан. Сол кезде мегаполистің Алатау ауданындағы Шапағат шағын ауданында орналасқан жекеменшік үй жарылған. Құтқарушылар 1949 жылы туған ер азаматтың мәйітін үйінді астынан алып шыққан.

Бір апта бұрын Алматының қақ ортасында газбен жүретін бір автокөлік өртенген.

Ал мамыр айының аяғында Алматы облысындағы астық қоймасында жарылыс болып, бір адам көз жұмған.

Сондай-ақ оқыңыз