Туристер Балқаштағы қымбат баға мен қызмет сапасын сынады

Жарияланды 16 Шілде 2025 19:49

Ольга Тонконог

Ольга Тонконог

Business News бөлімінің аға тілшісі
Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Балқаш көлі / фото: shutterstock
Балқаш көлі / фото: shutterstock

Жергілікті әкімдік мәліметінше, Балқаш көлі биыл туристер көп жиналатын орындардың біріне айналды. 5-7 шілде күндері ғана өңірге 60 мыңнан аса турист келген.

Балқаш билігі биыл көл жағасында демалуға кем дегенде 160 мың адам келеді деп болжады. Былтырғы көрсеткіш – 135 мың.

Дегенмен Балқашта демалған туристер мыңдаған адам ағылған бұл орынның кемшілігі көп екенін алға тартып отыр.

Балқаштағы сансыз турист

Қала әкімдігі шілденің алғашқы демалыс күндері 20 мыңнан аса автокөлік кіргенін, ал темір жолмен 7 мыңнан аса жолаушы жеткенін хабарлады. Қонақ үйлердің, демалыс орындарының және жалға берілетін үйлердің бәрі толған. Орталық жағалаулар күнде 10 мыңға дейін адам қабылдаған. Жергілікті инфрақұрылым оған дайын емес болып шықты.

«Құмырсқаның илеуі сияқты. Демалуға мүмкіндік жоқ», «Балқашта мереке күндері ине шаншар жер жоқ», – деп шағымданды Instagram қолданушылар.

Қауіпсіздік мәселесі

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, жағалауда құтқарушылар, дәрігерлер және полиция қызметкерлері жүреді. Жергілікті билік биыл мұнда 36 видеокамера орнатқанын, 70-тен аса құтқарушы кезекшілікке шығатынын айтты.

Дегенмен туристер билік есебіндегі өзгерістерді байқамапты.

«Құтқарушылар, медпунктер атымен жоқ», «Құтқарушылар мен дәрігерлер қайда жүр?», «пароходтар мен теплоходтар қағып кете жаздайды» деп жағымданып жатыр туристер.

Жағалау тазалығы

Билік жағалауда 100 тазалықшы еңбек етіп жүргенін айтқан. Әкімшілік мәліметінше, бірнеше күнде 400 тонна қоқыс шығарылған. Қосымша контейлерлер мен әжетханалар орнатылған.

«Жағалау деп айтуға ауыз бармайды. Қоқысқа толы құм», «Жағалауда әйнек пен қоқыс көп», «Қоқыс жәшіктері жоқ», – деп жатыр туристер.

Демалушылардың дені әжетхана жетіспейтініне шағымданды. Бірақ билік оларды көптеп орнаттық деген.

«Торанғалық ауылы маңындағы жағалау лас. Ешкім тазаламайды. Қоқыс жинап жүрген екі адамды ғана көрдік. Қоқыс жәшіктері жоқ», – дейді Балқашқа барған бір азамат.

«Президент тапсырмасын орындау үшін Балқашта қоғамдық әжетхананы сағат 12-ден 20-ға дейін ашып қойған. Қалған уақытта не істейміз?» – деп сұрады туристердің бірі.

Балқаштағы баға

Инфрақұрылым айтарлықтай дамымаса да, мұнда баға басқа да туристік орындардан кем түспейді.

«Тар бөлме 40 мың теңге тұрады. Едені лас. Төсек КСРО заманынан қалған. Жағалауда әйнек, қоқыс. Тамақ дәмсіз. Біз бір сағаттан соң кетіп қалдық», – деп жазды турист.

«Баға көз алдымызда көтеріліп кетті. Сенбі күні жағалауда жату орны 2 мың еді, жексенбі таңертең 3 мың болыпты», – деп қостады тағы бір демалушы.

Естеріңізге сала кетейік, жаз басталмай тұрып билік Балқашты Қазақстанның жағалау астанасына айналдыруға уәде берген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан соң үкімет елдегі ірі демалыс орындарын тексерген.

Сондай-ақ оқыңыз