Ресейлік компаниялар Қазақстаннан кетіп жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда ресейлік компаниялар саны азайды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қазақстанда ресейлік компаниялар саны азайды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың екінші тоқсанында 720-дан аса ресейлік компания Қазақстаннан кетті. Бұл туралы Бірінші кредит бюросы ұлттық статистикаға сүйене отырып хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейін Қазақстанда жұмыс істеген ресейлік компаниялар саны 728-ге қысқарған. Қазір елде Ресейдің 17,6 мың компаниясы қалған.

Теріс динамика бес тоқсан бойы жалғасып келеді. Қазір тіпті күшейіп кетті. 2024 жылғы сәуірден бері Ресейдің Қазақстандағы бизнесі 2,1 мың кәсіпорынға азайған. Ресейлік компаниялар саны елде 2022 жылы күрт көбейген. Кәсіпкерлердің жаппай Қазақстанға көшуіне Украинада соғыстың басталуы себеп болған.

Белсенділік экономиканың барлық саласында азайғаны байқалды, бірақ сауда мен IT үлесіне 55% тиесілі болып отыр. Соған қарамастан, Ресей Қазақстанда жұмыс істейтін кәсіпорындары саны жөнінен әлі де алдаңғы қатарда келе жатыр.

Бұл уақытта Қазақстанда өзбек компанияларының саны көбейгенін көріп отырмыз. Үш айда елде 527 өзбек кәсіпорыны ашылған. Сөйтіп Өзбекстанның Қазақстандағы бизнесі 5,4 мың кәсіпорынға дейін жетті.

Қытай компаниялары да көбейіп жатыр – 503. Қазір Қазақстанда 4,5 мың қытай кәсіпорыны бар. Олардың көбі саудамен айналысады.

Жалпы алғанда, бір тоқсанда Қазақстанда шетел кәсіпорындары саны 254 компанияға азайды. Қазір ел аумағында шетелдің 44,7 мың компаниясы жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз