Таксимен жүргенің үшін де кэшбэк алуға болады

Жарияланды 16 Шілде 2025 18:34

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Кэшбэк алу үшін Amian қосымшасын жүктеу қажет / коллаж: Kursiv.Media
Кэшбэк алу үшін Amian қосымшасын жүктеу қажет / коллаж: Kursiv.Media

Қазақстан азаматтары такси қызметін пайдаланғаны үшін салық мекемесімен 2%-ға дейін кэшбэк алып, бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Бұл туралы «Бухта» салық мәліметтері операторы хабарлады.

«Бухта» төлем чектерінен кэшбэк қайтару бойынша мемлекеттік бағдарламаның әріптесі атанды. Соның арқасында қазақстандықтар жолақысын бір бөлігін кері қайтара алады. Оның ішінде Яндекс Go сервисі де бар.

Бағдарлама Amian мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Оны Мемлекеттік кірістер комитеті дайындаған.

Кэшбэкті қалай алуға болады? Мына төрт ережені сақтаңыз:

  • Тауар сатып алыңыз немесе қызметті пайдаланыңыз;
  • Төлем чегін сақтап қойыңыз;
  • Ол чекті Amian қосымшасына жүктеңіз;
  • Чекте көрсетілген сомадан 2% кэшбэк қайтарып алыңыз.

Қосымшаны App Store және Google Play арқылы тегін жүктеп алуға болады. Ақшаны банк картасына немесе мобильді телефон есебіне аудара аласыз.

Бұған қоса, қазақстандықтар құнды сыйлықтар ұтысына қатысып, бағын сынай алады:

  • «Бәйге» акциясының 20 жеңімпазы (әр өңірден бір адам) көп чек жүктегені үшін әр тоқсанда 100 мың теңге ұтады;
  • Яндекс Лавка арқылы алғаш рет тапсырыс берген уақытта 50% жеңілдік;
  • Anutime каршерингін 5 мың теңге жеңілдік немесе басқа да сыйлықтар.

Бұған дейін Kursiv.Media чек көрсетіп, бонус алу жолдары туралы жазған. Енді Salyq кэшбэк жобасына өңірлер де қосылған.

Сондай-ақ оқыңыз