Түске дейін жағдайы нашарлаған Перизат Қайраттың анасы сотқа қатысып отыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Кайрат, Гайни Алашбаева
Ғайни Алашбаева сотқа қатысып отыр/фото: Instagram/01pk

Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева сотқа қатысып отыр. Ол өзін жақсы сезінетінін айтты.

2025 жылдың 17 шілдесінде түске дейін Алашбаева өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Содан кейін оны жедел жәрдем алып кетті.

Түстен кейінгі сот отырысында ол жағдайының жақсарғанын айтты.

Айта кетейік, қылмыстық іс аясында Ғайни Алашбаева да сотталушы деп танылған. Оған қатысты үйқамаққа алу туралы қаулы шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін сот отырысына Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкері Жанерке Сатқанбекова қатысты. Ол жәрмеңкеден түскен ақшаны Перизат Қайрат қорына аударғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз