Жаңалықтар

Перизат Қайрат қолма-қол ақшаны ала дорбамен алып кетіп отырған

Перизат Кайрат, обналичивание, отмывание
Перизат Қайрат ақшаны қалай алып кетіп отырған/фотоны нейрожелі әзірлеген

Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына түскен қаражатты ала дорбамен алып кетіп отырған. Бұл туралы куә Әділхан Мусин айтты.

Бұған дейін ол қор қаражатты қалай қолма-қол ақшаға айналдырып отырғанын айтқан.

Айтуынша, Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына түскен қаражат жеке кәсіпкерлердің есепшотына аударылған.

«Барлық ақша алдымен маған жиналатын. Кейін мен оны Перизат Қайратқа тапсыратынмын», – деді куә.

Оның сөзінше, орта есеппен бір жеке кәсіпкердің шотына 70 млн теңгеден аударылған. Іске шамамен 12-13 жеке кәсіпкер тартылған.

«Бірінші транш кезінде 2-3 жеке кәсіпкер арқылы шамамен 200 млн теңге қолма-қол алынды. Бұл қаржыны Перизат Қайраттың өзі келіп алып кететін. Ақшаны ыңғайлы болу үшін үлкен қытай сөмкелеріне салып беретінбіз», – деді куә.

Айта кетейік, 14 шілдеде Астана сотында Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша айыптау актісі оқылды.