Прокурор Сәкен Мамашты бас бостандығынан айыруды сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сәкен Мамашты 6 жылға соттауды сұрады/коллаж kursiv.media

Астана сотында прокурор экс-дипломат Сәкен Мамашты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды KursivMedia.

Істің мән-жайы

Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш 2024 жылдың мамырында видео жариялап, 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтты. Сол жағдайдан кейін дипломат елге шұғыл түрде шақырылды.

@taubayqyzy Ответ пользователю @🇰🇿Saken Сұқбат 2024 жылы алынған #каринамамаш#сәкенмамаш ♬ оригинальный звук – Aigerim Taubay

Содан кейін дипломаттың үстінен іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеуді Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасы жүргізді. Тергеу қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізілген

Экс-дипломат 2025 жылдың сәуірінде қамауға алынды.

Қандай жаза қарастырылған?

Қылмыстық істегі мемлекеттік айыптаушы Жәңгір Сәдуақасовтың айтуынша, қылмыстық іс үш томнан тұрады.

«Мамаш қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша айыпталып отыр. Бұл бапта 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталушының кінәлі не кінәсіз екенін айтуға ерте, қорғау тарабы өз ұстанымын айтады», – деді прокурор сот отырысы басталған кезде.

«Қаржы жағынан тәуелді болмаған»

Сотталушы Сәкен Мамаштың қоғамдық қорғаушысы әрі әпкесі Нұржамал Ташкенбайқызы іске байланысты мәлімдемесін редакциямызға жолдады. Ол жерде әйел Карина Мамаштың материалдық жағынан күйеуіне тәуелді болмағанын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз