Жаңалықтар

Алма-Арасан мен Аюсайда кептеліс азаяды

Алма-Арасан мен Аюсайда кептеліс азаяды
Алма-Арасан мен Аюсайда кептеліс азаяды/Фото: shutterstock

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бақылау-өткізу бекеттерінде автоматтандырылған жүйе кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр.

Орман шаруашылығы комитеті мұны келушілер үшін қолайлы жағдай жасау, әрі көлік қозғалысын реттеуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтеді.

Демалыс күндері Алма-Арасан мен Аюсай шатқалдарына ағылатын автокөліктердің саны артып, ұзын-сонар кезек пен кептеліс туындайтын. Осы мәселені шешу мақсатында жаңа жүйе іске қосылған. Енді автокөлік жүргізушілері алдын-ала төлем жасап, кедергісіз өте алады.

Жаңа жүйе көліктің мемлекеттік нөмірін автоматты түрде оқып, QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұл – уақыт үнемдеумен қатар, ашықтық пен тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеспек.

Автоматтандырылған жүйе Алмарасан, Қаскелең, Бұтақты және Түрген шатқалдарында іске қосылған. Жақын уақытта Есік көлі және Ақсай шатқалында да орнату жоспарланып отыр.

Бұған дейін, 3 маусымнан 3 шілдеге дейін «Алма-Арасан» термалды бұлағына барар жол жол уақытша жабылатынын жазғанбыз.