Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады/фото: shutterstock

Майлин көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

1 КЕЗЕҢ: 17 шілде күні сағат 23:00-ден бастап 18 шілде сағат 11:00-ге дейін әуежайдан Бұқтырма көшесіне қарай жол жабылады. Қарсы бағытта кері қозғалыс ұйымдастырылады.

2 КЕЗЕҢ: 18 шілде сағат 23:00-ден бастап 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен әуежайға қарай жол жабылады. Мұнда да қарсы бағытта кері қозғалыс ұйымдастырылады.

Жөнделетін учаскеде екі жақты қозғалыс туралы ескерту белгілері орнатылып, жолақтар бойынша бөлу конустық шағылыстыратын чиптермен белгіленедітіні айтылды.

Қала әкімлдігі тұрғындардан маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.

Бұған дейін, құбыр ауыстыру жұмысына байланысты Клочков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс жарты айға, ал Серкебаев көшесінде 3 күнге шектелетінін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз