
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.
«Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда», – делінген ақпараттық хабарламада.
ҰҚК тергеу мақсатында өзге ақпаратты жарияламады.
Бұған дейін, ірі лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін ұсталып, олардан 196 млн теңге тәркіленген. Олардың қатарында «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ның бас директоры Омаров, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы, Tңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің экс вице-министрі А.Сарбасов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның бұрынғы басшысы әрі экс-енсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д. Арғандыков бар.