Арнайы уәкіл қандай жағдайда қыз алып қашқандар сотталмайтынын айтты

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қыз алып қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін жаңа заңға пікір білдірді.
Ол бастаманы қолдайтынын, мәселені 2023 жылдан бері көтеріп келе жатқанын айтады.
«Енді заңнамада мұндай әрекеттерге тыйым салынатыны анық көрсетілген, ал кінәлілер жазасыз қалмайды. Бұл заң тек әйелдерді ғана емес, сондай-ақ олардың әкелері, ағалары мен қыздарын ұрлаған басқа да туыстарын қорғайды. Біздің ойымызша, бұл мәжбүрлі неке тәжірибесінен бас тартуға және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді ол.
Алайда арнайы уәкіл көп ғасырлық «алып қашу» дәстүрі мен қыздың еркіне қарсы ұрланып, еркіндігі шектелетін ауыр қылмыстың аражігін ажырата білу қажеттігін атап өтті.
«Егер қыз өз еркімен қашып, тұрмыс құруға келіссе – бұл басқа жағдай. Неке – бұл екі жақтың толық әрі ерікті келісімімен құрылатын тең құқықты одақ», – деп атап өтті Артур Ластарев.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл заңға енгізілген түзету ресми жарияланып, күшіне енгеннен кейін бұл тақырыпқа әлі де оралатын қоса кетті.
Кеше президент бірқатар заңдарға қол қойған. Соның ішінде еркінен тыс қыз алып қашуға қылмыстық жауапкершілік көздейтін заң да бар.