Жетісуда әкім болғысы келген адам әйелін сабап өлтірген деген күдікке ілінді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Кандидат в акимы избил до смерти супругу в Жетысу
Жетісуда әкім болғысы келген адам әйелін сабап өлтірген деген күдікке ілінді/instagram.com/halyk_zhurnalist.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жетісу облысының Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова ауыр соққы мен азаптау салдарынан көз жұмды. Журналист Сандуғаш Дүйсенованың айтуынша, қайғылы жағдай олардың екі жасар қызының көз алдында болған.

Оның күйеуі күдікті деп танылған. Ол бұған дейін Қапал ауылының әкімі атануға үміткер болған.

Туыстарының айтуынша, Айзаттың денесінде көптеген сүйек сынықтары, бас-ми жарақаты, денесін жерге сүйреген іздер бар. Білегіндегі терісі сүйегіне дейін сыпырылып қалған. Жақындары оны байлап, ат арбамен сүйреген болуы мүмкін деп топшылайды. Өйткені Айзаттың күйеуі бұрыннан жылқы шаруашылығымен айналысқан.

Полиция жағдайға қатысты «Абайсызда өлімге әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алайда марқұмның туыстары істі «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» бабы бойынша қайта қарауды талап етеді.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деп мәлімдеді ПД-ның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, барлық нұсқалар мен дәлелдер тексеріліп жатқаны хабарланды. Полиция кінәлілер заң аясында қатаң жазаланатынын айтып отыр.

Бұған дейін, Qurt деген лақап атпен белгілі рэпердің әйелі күйеуінен зорлық көргенін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз