Алматы соты Патох Шодиевтың арызын қараудан бас тартты

Алматының ауданаралық экономикалық соты кәсіпкер Патох Шодиевтың «Еуразиялық қаржы компаниясына» (оған «Еуразиялық банк» пен «Еуразия» сақтандыру компаниясы кіреді) қарсы арызын қанағаттандырмады. Бұл ақпарат «Сот кабинеті» жүйесінде жарияланған іс материалдарында көрсетілген.
Шодиев – компанияның акционерлерінің бірі. Ол 2025 жылдың 2 маусымында директорлар кеңесі қабылдаған шешімдерді жарамсыз деп танып, акционерлердің кезектен тыс жиналысын өткізуді міндеттеуді сұрап, сотқа жүгінген.
Сот 11 шілдеде өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.
Іс материалында «мұндай тыйым үшінші тұлғалардың (акционерлердің) мүдделерін бұзуы мүмкін және компанияның жұмысын тоқтатып қоюы ықтимал. Осы жағдайларда талапкердің өтініші қабылданбайды» деп көрсетілген.
Директорлар кеңесі нақты қандай шешімдер қабылдағаны құжаттарда айтылмаған. Бұл туралы ашық дереккөздерде де мәлімет жоқ.
Ал Шухрат Ибрагимов болса оған қарсы. Ол да 2025 жылғы 23 маусымда ЕФК-ға қарсы арыз түсіріп, директорлар кеңесінің шешімдерін заңды деп танып, сол шешімдерді орындауды талап еткен.
eGov.kz мәліметінше, «Еуразиялық қаржы компаниясы» марқұм Әлижан Ибрагимовтың әйелі Мукадасхан, Патох Шодиев және 2025 жылдың 22 наурызында қайтыс болған Александр Машкевичке тиесілі.