Жаңалықтар

Қазақстан экономикасын тиімді әртараптандыру жолы қандай

Фото: Kursiv Talks подкастына скрин, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан үкіметі кейінгі 20 жылда ел экономикасын әртараптандыру (диверсификация) басты мақсаты екенін айтудай-ақ айтып келеді. Алайда нақты нәтиже мардымсыз. Оған себеп не? Бұл мәселені экономист, DESHT зерттеу орталығының жетекшісі Қуаныш Жайықов пен Kursiv Research жетекшісі Сергей Домнин Kursiv Talks подкасында талқылады.

Сарапшылар «Самұрық-Қазынаның» рөлі, индустриялық саясаттағы қателіктер, монополиялардың ықпалы және институттардың тиімді жұмыс істемеуі сияқты негізгі мәселелерге тоқталды.

Қуаныш Жайықовтың айтуынша, қазір экономиканың қаншалықты әртараптандырылғанын өлшей алмаймыз. Арнайы әдіснамасы да жоқ.

Сарапшы подкаст барысында Қазақстан экономикасы енді тек шизаттық емес сектор есебінен ғана өсім көрсете алатынына назар аударады. Шикізаттық емес сектор өскен сайын, экономиканың әртараптануы арта түспек.

Бұл ретте экономист «Самұрық-Қазына» мен квазимемлекеттік сектор компанияларының ел экономикасындағы рөліне тоқталып өтті.

«Самұрық-Қазына» мен квазимемлекеттік сектор жеке компаниялар бармайтын, транзакциялық шығыны өте жоғары «тесіктерді» жабуы тиіс. Нақты «Самұрық-Қазынаға» келер болса, біздің экономомистер айтып жүрген пікірі орынды», – дейді сарапшы.

Ол «Самұрық-Қазынаның» қарамағында ірі магистаралдық жобаларды қалдырып, туристік база сынды шағын кәсіпорындары қор иелігінен шығарған жөн деп есептейді.

«Ал егер әлі күнге дейін «Самұрық-Қазынаның еншілес компаниясын жаба алмай келсек, бұл биліктің ықпалы бар деген сөз», – дейді экономист.

Подкастың толық шығарылымын kursiv.media  youtube-арнасынан көруге болады:

Куаныш Жаиков о том, как проводить диверсификацию экономики Казахстана эффективнее | Kursiv Talks