Түркістан облысының лауазымды тұлғаларын Бектенов не үшін жауапқа тартпақшы?

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Бектенов Түркістан облысының дауазымды тұлғаларын жауапқа тартуды тапсырды / Фото: kursiv.media архив

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысының лауазымды тұлғаларын жауапқа тартуды тапсырды. Үкімет үйінің хабарлауынша, жауапты тұлғалар Түркістан облысында рұқсатсыз ылғалды көп қажет ететін өнімдерді егуге жол берген.

Түркістанда шаруаларды сумен қамту мәселесі күрделене түскенін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтқан.

Түркістан облысындағы су тапшылығы

Министрдің айтуынша, күннің ыстық болуына байланысты Түркістан және Қызылорда облыстарында биыл вегетациялық кезең әдеттегіден 20 күн бұрын басталған. Сондай-ақ ыстық салдарынан топырақтың жоғарғы қабаттарында ылғал төмендеп кеткен. Салдарынан ауыл шаруашылығы дақылдарының су тұтыну көлемі алғашқы кезеңде орта есеппен алғанда 50%-ға бірақ артқан. Нәтижесінде суару көздеріне айтарлықтай ауыртпалық түскен.

Сондай-ақ өңірде ылғалды көп қажет ететін дақылдардың рұқсатсыз егілу жағдайларының жиілегені су тапшылығы мәселесін күрделендірген. Бұған қоса министр оңтүстік өңірлерде суды заңсыз пайдаланудың фактілері де анықталғанын айтқан.

Премьер-министр тапсырмасы

Бұдан кейін премьер-министр қолда бар су ресурстарын тиімді пайдалануды қатаң бақылауды қамтамасыз етуді, су ұрлау фактілеріне жол бермеуді тапсырған. Бұл жұмыстарды Түркістан облысы әкімдігіне тапсырып, оларға халықты үздіксіз сумен қамтамасыз ету міндеттелді.

«Тиімділік пен үнемділікке, ведомствоаралық өзара іс-қимылға баса назар аудара отырып, су тәуекелдерін алдын ала басқаруға көшу қажеттігі атап өтілді. Ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз егуге жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады», – делінген үкімет хабарламасында.

Орындалмаған министр уәдесі

Айта кетейік Түркістан облысы, Жетісау ауданының мақташылары ағын судың тапшылығына байланысты осы жылы егілген мақтасының қурап кету алдында тұрғанын айтып, редкацияның өңірдегі журналисіне хабарласқан болатын. Шаруалар өңірге Су ресурстары министрінің келіп, жағдаймен танысқанын айтады. Министр екі күнде су келетініне уәде берген. Бірақ содан бергі екі аптада жағдай өзгермеген.

Осы жылы шаруалар сапасы жоғары түрік мақтасының тұқымын еккен. Бірақ қымбат тұқым өнімі қурап кетудің алдында тұр.

Сондай-ақ оқыңыз