Алматыда Райымбек көшесінің бір бөлігі жабылады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматыда Райымбек көшесінің бір бөлігі жабылады.
Райымбек көшесінің бір бөлігінде жол қозғалысы шектеледі / Фото: kursiv.media архив

Алматыда Райымбек көшесінің бір бөлігі жабылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«18 шілде сағат 22:00-ден 19 шілде сағат 08:00-ге дейін Райымбек даңғылының бойымен Сейфуллин даңғылынан бастап Бөкейханов көшесіне дейін екі бағытқа қарай автокөлік қозғалысы жартылай шектеледі», – делінген әкімдік хабарламасында.

Көшелер магистральді құбыр желісін жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. Бұл маңайдағы құбыр желілері 1990 жылы пайдалануға берілген. Әкімдік қаланы жылыту маусымына дайындап, апаттық жағдайлардың алдын алу үшін құбырларды жөндеу туралы шешім қабылдаған.

Жөндеу жұмыстарын «Алматы жылу жүйесі» ЖШС жүргізіп жатыр.

Басқа қандай көшелер жабылады?

Айта кетейік, компания қаланың бірқатар бөлігінде жылу магистралдарын жөндеуден өткізіп жатыр. Мәселен 16-21 шілде аралығында Байтұрсынов пен Бұқар жырау көшелерінің қиылысы жабылады. Бұл жерде 40 жылдан бері жөнделмеген жылу құбырлары ауыстырылып жатыр.

Ал Клочков көшесінде 50 жыл бұрын пайдалануға берілген жылу желілері заманауи құбырларға ауысады. Соған байланысты Клочков көшесінің бойымен Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аумақта жол екі аптаға жабылатыны хабарланды.

Жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Серкебаев пен Майлин көшелерінде де қозғалыс шектеледі.

Сондай-ақ оқыңыз