Банк пен қаржы

ForteBank-тің экс-төрағасы Бекжан Пирматов KMF директорлар кеңесіне енді

Фото: Андрей Лунин

ForteBankтің экс-басқарма төрағасы Бекжан Пирматовты KMF микроқаржы ұйымының директорлар кеңесіне кірді. Шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданды. Бұл жөнінде микроқаржы ұйымы KASE-ге хабарлаған.

«МҚҰ директорлар кеңесінен Қазақстан резиденті еме, Олена Малинска шығарылды. Бұған дейін ол директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор қызметін атқарған», – делінген хабарламада.

Өзгерістерден кейін де МҚҰ-ның директорлар кеңесі бұрынғыдай алты адамнан тұрады:

  • Гүлнара Шамшиева – директорлар кеңесінің төрайымы, резидент емес;
  • Эндрю Поспиловски – директорлар кеңесінің мүшесі, резидент емес;
  • Йоахим Болд – директорлар кеңесінің мүшесі, резидент емес;
  • Константин Церетели – директорлар кеңесінің мүшесі, резидент емес;
  • Володимир Цапко – директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан резиденті;
  • Бекжан Пирматов – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Болжам бойынша, KMF микроқаржы ұйымы біртіндеп банктік сектордан мамандарды тарта бастаған, себебі компанияны банкке айналдыру жоспарланып отыр. 2025 жылдың наурыз айында компания қаржы реттеушісінен банкке конвертациялануға рұқсат алған.

«KMF» МҚҰ – Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Ол негізгі көрсеткіштер бойынша 218 микроқаржы ұйымының ішінде 1-орынды иеленеді және нарықтағы үлесі 20%-дан асады.