
Астанадағы BIG Шанхай сауда үйіндегі өрт сөндірілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, өрт 30 113 шаршы метрге тараған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
«Өртті сөндіру жанғыш материалдардың болуына байланысты және күннің ыстық болуына, түтіннің қою болғанына байланысты қиындаған. Сауда павильондарының тығыз орналасқаны және өрт шыққан жерге жету қиындық тудырған», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, жақын орналасқан ғимараттарға өрт таралмаған.
Бұған дейін сауда үйіндегі өртті сөндіру кезінде төтенше жағдайлар департаментінің үш қызметкері зардап шеккені хабарланды.