Сәкен Мамашқа сот үкімі шықты

Сәкен Мамашқа сот үкімі шықты. Астана сотында экс-дипломат әйелін қинағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Негізсіз қызғаныштан Мамаш мемлекеттік қызметші ретінде ант берген тұлға бола отырып, 2019 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта бастапқыда Астанада, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері, Абу-Даби қаласында жүйелі түрде жәбірленушіге күш қолданған.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлердің жауаптары, сараптама қорытындысы, видео, скриншот және іс бойынша өзге де материалдар арқылы дәлелденді», – деді үкімді оқыған судья Артур Әбдіханов.
Істің мән-жайы
Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш 2024 жылдың мамырында видео жариялап, 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін мәлімдеді. Сол жағдайдан кейін дипломат елге шұғыл түрде шақырылды. Біраз уақыттан кейін дипломаттың үстінен іс қозғалды.
Тергеу қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізілген.
Экс-дипломат 2025 жылдың сәуірінде қамауға алынды.
Бұған дейін прокурор Сәкен Мамашты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот үкімі
Сотта Сәкен Мамаштың 2014 жылдан бастап жәбірленуші Карина Мамашпен мен некеде тұрғаны, сол уақыт ішінде жәбірленуші екі бала дүниеге әкелгені, үй шаруасындағы әйел болғаны анықталды. Оған дипломаттың жұбайы ретінде жәрдемақы тағайындалған, бұл жәрдемақыны сотталушы Сәкен Мамаш алып отырған.