
Қазақстандық банктер 2025 жылдың 6 айында 1,4 трлн теңге таза пайда тапқан. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми статистикасында жарияланған.
Бұл статистикада банк секторының жиынтық таза пайдасы ғана жазылған. Бір айда банктердің таза пайдасы 235 млрд теңгеге артып, 1,14 трлн теңгеген 1,37 трлн теңгеге жеткен.
Банк саласының активі бір айда 1,5 трлн теңгеге өскен. Мамыр айында 63,36 трлн теңге болған актив маусым айының соныңда 64,84 трлн теңгені құрады.
Екінші деңгейлі банктердің мындеттемелері де артты: бұл көрсеткіш бір айда 1,2 трлн теңгеге өсіп, 54,3 трлн теңгеден 55,5 трлн теңгеге жетті. Ал капитал көлемі 9 трлн теңгеден 9,4 трлн теңгеге өсті.
Өткен айда әр банк қанша таза пайда тапқаны туралы мәлемет ай соңына қарай жарияланады. Мамыр айыдна табысты ЕДБ үштігіне Halyk Bank, Kaspi Bank және атауы Alatau City Bank болып өзгерген Jusan Bank енген.