Әскерден бас тарту қиындайды: енді повесткадан қашып құтыла алмайсыз

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әскерден бас тарту қиындайды / фото: eGov.kz

Қазақстанда әскери қызметке шақыру жүйесіне өзгерістер енгізілді. Енді әскер қатарына шақырылушыларға повестка тек қағаз түрінде ғана емес, электронды форматта да жолданады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және орталық мемлекеттік органдардың кейбір функцияларын қайта бөлу мәселелері» жөніндегі заңда көрсетілген. Жаңа заң туралы не білу қажет? Kursiv Media жаңа заңдағы өзгерістерге тоқталып өтті.

Электронды шақырту қалай жіберіледі?

Жаңа заңға сәйкес, әскери комиссариаттар шақыру қағазын үш түрлі жолмен жолдай алады:

  • SMS арқылы ұялы телефон нөміріне;
  • eGov порталы арқылы азаматтың жеке кабинетіне;
  • Қағаз түрінде — қолма-қол не пошта арқылы.

Электронды немесе қағаз түріндегі повестка шақырылушыға әскери комиссариатқа келуі тиіс күннен кемінде үш күн бұрын жіберілуі тиіс.

Егер азамат қағаз түріндегі повестканы алудан бас тартса, бұл жайлы арнайы белгі жасалып, ол ресми түрде хабарландырылды деп есептеледі.

Әскерден кейін – оқуға түсу жеңілдейді

Заңда көрсетілген тағы бір маңызды жаңалық – ЖОО немесе магистратураға емтихансыз, бірақ ақылы негізде түсу құқығы беріледі. Бұл жеңілдік – әскери қызметті абыроймен өтеген азаматтарға қолдау көрсету мақсатында енгізіліп отыр. Аталған мүмкіндік әскерден босатылған күннен бастап екі жыл мерзімге жарамды.

Сондай-ақ бұған дейін студенттерді де әскерге алып кете алатындығын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз