
Әнші Балжан Бидаш оқырмандарын Мальдив аралдарында билеп тәнтті етті. Бидаш актриса әрі жақын құрбысы Фариза Ескермеспен бірге жаңа шыққан «Оп-оңай» әніне бейнеролик түсіріп, желіде бөлісті.
«Балжанның жаңа әні жүрегімді жаулады! Билеп тоқтай алмай жатырмыз», — деп жазды Фариза Instagram парақшасында.
Бейнежазбадан қос жұлдыздың ашық жағажайда билеп жүрген сәтін көруге болады. Желідегі тыңдармандар жағымды эмоцияларымен бөлісіп, пікірлерін жаудырды:
«Ән де, би де, қыздар да бәрі әдемі», Балжанның фигурасы өте әдемі екен, сұңғыла бойы бар», «Неге семірмейсіңдер? Бізге де құпияны айтсаңдаршы?, – деп жазды оқырмандар.
Еске сала кетейік, бұған дейін актер Асылхан Төлепов театр сахнасында билеп, сынға ұшыраған еді.