Димаш Құдайберген Қырғызстанда өнер көрсетеді

Жарияланды 18 Шілде 2025 12:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш Құдайберген Қырғызстанда өнер көрсетеді
Димаш Құдайберген Қырғызстанда өнер көрсетеді /фото/Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қырғызстанда өтетін халықаралық «Мейкин Азия» фестивалінде ән шырқайды. Аталған шара 20–22 шілде күндері Ыстықкөл жағалауындағы Чолпон-Ата қаласында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 22 шілде күні Димаштың өнер көрсетуі музыкалық кештің шарықтау шегі болмақ.

Димаш Құдайберген бұл ауқымды музыкалық фестивальдің жарқын кульминациясы болады! – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Фестивальге әлемнің 25-тен астам елінен әртістер қатысады. Олардың қатарында Ay yola, JAX, Баястан және басқа да белгілі орындаушылар бар.

«Мейкин Азия» – Орталық Азия кеңістігінде ұйымдастырылатын ең ауқымды музыкалық жобалардың бірі. Фестиваль түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін біріктіріп, тыңдарманға әсем әсер сыйлауды мақсат етеді.

Сондай-ақ, күз айларында Димаштың Еуропа елдерінде және Нью-Йорк қаласында жеке концерті өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз