АҚШ Сенаты USAID пен БАҚ-қа бөлінетін қаржыны 9 млрд долларға қысқартуды мақұлдады

АҚШ Сенатында республикалықтар демократтар мен ішкі қарсылықтарға қарамастан, президент Дональд Трамп ұсынған 9 млрд долларды қайтару туралы бастаманы қолдап, дауыс берді. Бұл туралы FOX News хабарлады.
Сенат 51 дауыс қолдау тапса, 48 дауыс қарсы берді. Енді құжат палата өкілдеріне жолданады.
Құжатқа сәйкес, АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігіне (USAID) бөлінетін қаражат шамамен 8 млрд долларға, NPR және PBS секілді мемлекеттік хабар таратушы ұйымдарды қаржыландыратын Қоғамдық хабар тарату корпорациясына бөлінетін қаржы 1 млрд долларға қысқартылмақ.
Республикашылдар бұл бастаманы федералды үкіметтегі ысырапшылдықпен, алаяқтықпен және теріс пайдаланушылықпен күрестің жалғасы ретінде таныстырып отыр.
Еске сала кетейік, USAID жұмысына қазақстандық депутаттар да алаңдаушылық білдірген еді.
Сондай-ақ, бұған дейін USAID бағдарламалары тоқтайтын болса, Қазақстанға қалай әсер ететінін жазған едік.