Жаңалықтар

Перизат жолы: Германияда Газа халқына жиналған қаражатты жымқырған азамат сотталды

Кассациялық сот құру жұмыстары аяқталды/фото: shutterstock

Германияда жылдар бойы Газадағы палестиналықтарға қаражат жинап, өз қажеттіліктеріне жұмсаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Дюссельдорф соты алаяқты 3 жылға соттаған.

«Дюссельдорф қаласының аумақтық соты Абдельхамид атты азаматты коммерциялық қайырымдылыққа берілген қаражатты жымқырғаны үшін 3 жылға соттау туралы үкім шығарды», – делінген неміс БАҚ-тарында.

34 жастағы азамат жылдар бойы Газа халқына деп 500 млн еуро көлемінде қаражат жинаған. Қайырымдылыққа көбінде мұсылмандардан көп қаражат түсіп отырған. Бірақ Абдельхамид дәл Перизат Қайрат секілді бұл ақшаның аз ғана бөлігін палестиналықтарға жіберіп, қалғанын өз мақсаттарына пайдаланған.

Қаржылық қылмысқа оның әйелінің де қатысы бар екені анықталды. Сот әйелді 21 айға соттау туралы үкім шығарған. Әйелі күйеуіне қайырымдылыққа деп есепшоттар ашуына көмектесіп отырған. Олардың үш баласы бар екені айтылады.

Бір қызығы, сотталушы бұған дейін бірнеше рет алаяқтық фактілері бойынша жауапқа тартылған. Сот Абдельхамидтен заңсыз жинап алған 496 мың еуро қаражатын тәркілеу туралы үкім шығарған. Алаяқ өткен жылдың күзінен бастап, қамауға алынған.

Ерлі-зайыптылар кінәсін толық майындаған.

Айта кетейік, соты жүріп жатқан Перизат Қайрат та палестиналықтарға көмекке деп 566 млн теңге жинап, тек 7 млн теңгесін ғана аударған. Қалған 559 млн теңгені Перизат анасымен бірге өз мақсаттарына жұмсаған.