Денис Теннің қазасына 7 жыл толуына орай ЖИ көмегімен әсерлі видео жарияланды

Бүгін, 19 шілде күні Денис Теннің қайғылы қазасына жеті жыл толды. Осыған орай Forbes журналының «30 жасқа дейінгі 30 үздік» тізіміне енген журналист Рашит Ильясов нейрожелі көмегімен жасалған видеоны ұсынды. Бұл видеода қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының бұлттар арасында жүрген видеосы әсерлі музыкамен әрленген. Музыканың өзі Денистің тірі кезінде жазған туындысы.
Осыдан тура жеті жыл бұрын Олимпиаданың қола жүлдегері, дарынды мұзайдын шебері қайғылы жағдайда көз жұмған болатын. Ол кезде небәрі 25 жаста еді. Денис көлігінің айнасын ұрламақ болған қылмыскерлерді тоқтатпақ болған сәтте қаза тапқан еді.
Бейнежазбада бұлттардың арасында Теннің бейнесі оның өз музыкалық шығармасының сүйемелдеуімен көрсетілген. Бұл — автордың Денис бүгінде қандай болар еді деген ой-толғамының жеке көрінісі.
«Ол тек үздік мәнерлеп сырғанаушы ғана емес, сондай-ақ композитор, автор және кинематографист болды. Ол өмір сүрген идеялар мен армандар оның өмірден өткенінен кейін де жүзеге асырылып жатыр», — деп жазады бейнеролик авторы.
Мәселен, 2024 жылы Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі көрерменге жол тартты.
Еске салайық, 13 маусым – 2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің туған күні. Тірі болғанда, ол биыл 32 жасқа толар еді.