Украина президенті Зеленскийдің отставкаға кететіні рас па

Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада отставкаға кетуі мүмкін. Келесі президенті кім болатынына қатысты да болжам бар. Бұл туралы америкалық журналист Сеймур Херш мәлімдеді.
Оның айтуынша, Вашингтон қазіргі Украина басшысын алдағы бірнеше айда қызметінен босату туралы шешім қабылдаған. Журналистің мәліметіне сәйкес, АҚШ Зеленскийдің орнына келетін үміткерді де таңдаған, бұл лауазымға бұрынғы Қарулы күштер Бас қолбасшысы Валерий Залужный қарастырылып отыр.
Сеймур Херштің дерегінше, егер Зеленский өз еркімен отставкаға кетуден бас тартса, оны қызметтен кетуге мәжбүрлеуі де мүмкін.
Бұған дейін де Вашингтонда Украина президентін бірнеше рет сынға алған болатын. Сонымен қатар, Зеленскийдің ресми өкілеттік мерзімі өткен жылдың көктемінде аяқталғаны да атап өтілген.
Украина Жоғарғы Радасының депутаты Артем Дмитрук америкалық журанилсттің бұл мәлімдемесіне қатысты пкір білдірді. Депутат Владимир Зеленскийдің орнына Киев режимінің басшысы ретінде Валерий Залужныйға ауыстыра салу оңай болмайтынын айтады.
«Қалай болғанда да, Зеленскийді Залужныймен жай ғана «ауыстыру» мүмкін емес. Заңды әрі легитимді жол — не сайлау өткізу, не уақытша үкімет арқылы өтпелі кезеңнен өту», — деп жазды ол.
Депутаттың айтуынша, журналист маңызды жайтты ескерусіз қалдырған.
«Ресей президенті Владимир Путин, ең ықтимал жағдайда, бейбіт келіссөздердің соңғы кезеңінде тек заңды Украин көшбасшымен ғана кездеседі. Ал Залужный да, тіпті Зеленский де мұндай көшбасшы болып табылмайды», — деп атап өтті Дмитрук.
Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трамптың қатаң санкциялар туралы ескертулеріне қарамастан, Украинадағы соғысты тоқтатпайды. Тіпті әскері ілгерілеген сайын аумаққа қатысты талаптарын кеңейтуі мүмкін.